Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия" КММ
Шымкент қаласы білім басқармасы
Жүгіру жолы
"Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия" КММ
Шымкент қаласы білім басқармасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясында 30.04.2026 ж күні  қамқоршылық  кеңесінің  отырысы өтті.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. 2025 - 2026 оқу  жылына   есеп  беру.
  2. 2026 жылдың жазғы кезеңінде қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне  әлеуметтік көмекке  мұқтаж отбасы  балаларын жіберуді ұйымдастыру.
  3. «Мектепке жол акциясына» Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру
  4. Шымкент қалалық Білім басқармасынан білім алушылардың жекелеген санаттарына «Міндетті білім қорынан» 2027 жылға тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға,   "Жекеменшік" жазғы сауықтыру кешеніне жолдама сатып алуға, бірреттік  берілетін әлеуметтік көмек түріне  қаржы қарастырылуы

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе  бойынша 2025-2026 оқу жылындағы қаржыны жұмсау  бойынша жасалынған  жұмыстар  жайлы  айтылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 24 сәуірдегі  № 158 бұйрығына 11-қосымшасы  Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын іске асыру мақсатында гимназия бойынша тәрбиеленушілердін  құжаттарын қабылдап, тізімін бекіту туралы айтылды.

Шымкент қалалық Білім басқармасынан  білім алушылардың жекелеген санаттарына «Міндетті білім қорынан» 2027 жылға тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға,   "Жекеменшік" жазғы сауықтыру кешеніне жолдама сатып алуға, бірреттік  берілетін әлеуметтік көмек түріне  қаржы қарастырылуы  туралы,  ұсыным беру туралы айтылды.  Болжам тізім жасақталып қосымша тіркеледі.  Қамқоршылық кеңесі жиналысының қорытындысы бойынша кеңес мүшелері қаралған мәселе бойынша төмендегідей шешім қабылдады.

 

Шешім:

  1. 2025-2026 оқу  жылының   бюджеттен бөлінген  қаржы есебі  қанағаттанарлық  деп танылсын
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі  № 158 бұйрығына11-қосымшасы  Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы жазғы саықтыру лагеріне демалуы үшін 10 оқушыға құжаттар қабылдау талапқа сай  жүргізілсін,  тізім жасақталып бекітілсін
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі 

№ 158 бұйрығына13-қосымшасы "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі орындалып  «Мектепке жол» акциясына »  құжаттар қабылдау талапқа сай  жүргізілсін,  тізім жасақталып бекітілсін

  1. Білім алушылардың жекелеген санаттарына «Міндетті білім қорынан» 2027 жылға тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға, "Жекеменшік" жазғы сауықтыру кешеніне жолдама сатып алуға, бірреттік  берілетін әлеуметтік көмек түріне  қаржы қарастырылуға болжам  тізім  жасақталсын.