Құрметті ата – аналар!
М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқитын № 8 мамандандырылған гимназия - Қазақстан Республикасындағы ең көне білім беру мекемелерінің бірі. 1875 жылы құрылған гимназия бір жарым ғасырлық тарихында дамудың қызықты жолынан өтті. Қазіргі уақытта «Дарын» республикалық ғылыми-педагогикалық орталығына қарайтын мектептердің бірі болып табылады.
Гимназия - өзінің көне дәстүрлерімен, сапалы білімімен және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алуымен танымал. Ағылшын тілінде «Химия», «Биология», «Физика» пәндері оқытылады. Көптілділік - бүгінгі күннің талабы. Сондықтан гимназия түлектері өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілетті мамандар болып табылады.
Гимназия оқушылары пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларды қорғауда және шығармашылық конкурстарда жүлделі орындарға ие болады. Жыл сайын гимназия оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша өңірде үздік нәтиже көрсетіп келеді.
2023 жылы гимназияның жаңа ғимараты есігін айқара ашты. Қазіргі таңда гимназия сыйымдылығы 1700 баланы құрайды.
|
Атауы: |
«Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия» КММ |
|
Оқыту тілі: |
Қазақ тілі, орыс тілі |
|
Тип: |
Мемлекеттік |
|
Негізгі құны, айына: |
тегін |
|
Жұмыс тәртібі: |
бес күндік жұмыс аптасы, сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін |
|
Телефон: |
8 7252 20 36 28 |
|
Web-сайт: |
|
|
Мекен-жай: |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 29/1 |