М.Х Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия 2026-2027 оқу жылында гимназияда оқушылар ыстық тамақпен қамтылуда
Гимназияда тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың, тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтардың қызметі тәртіпті түрде жүргізілуде. Тамақтандыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21857 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттарына сай жүргізіліп отыр.
Комиссия жоспарына сай
Асханадағы - тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;
- тамақ өнімдерін дайындау технологиясын және оны орындау мерзімдерінің сақталуын;
- балалардың негізгі қоректік заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне тағамның сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауын бақылау;
- пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына (тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы жеке папкада сақталуын);
- ас мәзірі құрамының дұрыстығына;
- тамақтану сапасын мониторингілеу актiсiн ресiмдей отырып жүргізілуде.